ҰЙҒЫР АУДАНЫНДА ҚҰМАР ОЙЫННЫҢ ЗАРДАБЫ ТУРАЛЫ УАҒЫЗ АЙТЫЛДЫ
Алматы облысы, Ұйғыр аудандық №1 мешітінде жамағатқа «Құмар ойынның зардабы» тақырыбында уағыз-насихат айтылды. Іс-шара ҚМДБ-ның «Ислам және адал қоғам» жылы аясындағы «Ихсан және насихат» бағытының жоспарына сәйкес ұйымдастырылды. Уағыз барысында Ринат Маратұлы құмар ойындардың адам өміріне, отбасы берекесіне және қоғамға тигізетін зияны түсіндірілді. Жамағат адал еңбек етуге, отбасы құндылықтарын сақтауға және құмар ойындардан аулақ болуға шақырылды. Басты мақсат – қоғамды зиянды әдеттерден сақтандырып, адалдық пен имандылық құндылықтарын дәріптеу.


