ҰЙҒЫР АУДАНЫНДА «ИХСАН – РУХАНИ ТӘРБИЕ НЕГІЗІ» СЕМИНАРЫ ӨТТІ
Алматы облысы, Ұйғыр ауданында ҚМДБ-ның «Ислам және адал қоғам» жылы аясында «Ихсан және насихат» бағыты бойынша дін қызметкерлеріне арналған семинар өтті. Ұйғыр ауданының бас имамы Аширбаев Алматтың ұйымдастыруымен өткен жиынға облыстық «Ихсан және насихат» бағытына жауапты Ринат Маратұлы қатысып, облыстың бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының сәлемін жеткізді. Семинарда ихсан ұғымының мәні мен рухани тәрбиедегі маңызы туралы дәріс оқылып, қатысушылар арасында пікір алмасу өтті. Сондай-ақ бағыт аясындағы жұмыстарды жандандыру және имамдардың насихат қызметіндегі белсенділігін арттыру мәселелері талқыланды.


