КЕГЕН АУДАНДЫҚ МЕШІТІНДЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Алматы облысы, Кеген ауданындағы «Әулие абыз Әлмерек баба» аудандық мешітінде күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Жөндеу жұмыстарының барысымен Алматы облысының Бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы арнайы танысып, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы мен кезеңдерін көрді. Сонымен қатар, жауапты азаматтармен кездесіп, жөндеу жұмыстарының уақытылы әрі сапалы аяқталуының маңыздылығына тоқталды.
Аталған күрделі жөндеу жұмыстары жергілікті тұрғындар мен жомарт демеушілердің қолдауымен жүзеге асырылуда. Бұл игі іс – елдің бірлігі мен мешітке деген құрметінің, қайырымдылық пен жанашырлықтың жарқын көрінісі.
Алла Тағала осы сауапты іске үлес қосып жатқан барша азаматтардың еңбегіне береке беріп, игі амалдарын қабыл етсін!


