preloader

Жаңалықтар

АЛАТАУ ҚАЛАСЫНДА ЕКІНШІ ҚҰДЫҚ УАҚЫП ЕТІЛДІ

АЛАТАУ ҚАЛАСЫНДА ЕКІНШІ ҚҰДЫҚ УАҚЫП ЕТІЛДІ

Алматы облысы, Алатау қаласында «Ислам және адал қоғам» жылы аясында екінші құдық уақып ретінде ел игілігіне берілді.
Салтанатты іс-шараға Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы арнайы қатысып, уақыптың қоғам өміріндегі маңызы мен оның сауабы жөнінде насихат айтты.
Жиынға Алатау қаласы Ішкі саясат бөлімінің басшысы Ардагер Өркенұлы, Алатау қаласының бас имамы Қуаныш Жұмаханұлы, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Махмұтұлы, «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының Алматы облысы бойынша жауапты маманы Нұртай Иманберлинов, дін қызметкерлері мен қала тұрғындары қатысты.
Шара барысында көпшілік игі іске ұйытқы болған азаматтарға алғыс білдіріп, халықтың игілігіне арналған мұндай бастамалардың берекесі арта беруіне тілектестік танытты.
Аталған құдық тұрғындардың таза ауыз су пайдалануына, сондай-ақ айналаны көгалдандыру жұмыстарына өз үлесін қоспақ