Абай мұрасы және Ислам құндылықтары: рухани сабақтастық
Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылындағы «Оспан қожа ата» мешітінде «Абай мұрасы және Ислам құндылықтары: рухани сабақтастық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Рухани іс-шараға Балқаш аудандық бас имамы Төрежанов Нұрдәулет Тоқанұлы, Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы Демеуқұлова Зәуреш Жұмағалиқызы және Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім және даму орталығының жетекші сарапшысы Жүсіпова Ғалия Әбдірахманқызы арнайы қатысты.
Дөңгелек үстелді «Оспан қожа ата» мешітінің наиб имамы Азат Досымбаев жүргізді.
Кездесу барысында қатысушылар хакім Абайдың шығармаларындағы имандылық, адамгершілік, білім мен тәрбие мәселелерін Ислам құндылықтарымен сабақтастыра отырып талқылады. Сондай-ақ Абай мұрасын насихаттау, жастардың рухани тәрбиесін күшейту және ұлттық құндылықтарды дәріптеу төңірегінде мазмұнды пікір алмасып, ой бөлісті.


