АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «ДӘСТҮРЛІ ДІНИ ТАНЫМ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР» АТТЫ АЙМАҚТЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Ислам және адал қоғам» жылы аясында Алматы облысында «Дәстүрлі діни таным және ұлттық құндылықтар» тақырыбында аймақтық дөңгелек үстел өтті.
Аталған жиынға Бас мүфти кеңесшісі Бижігіт Нұржігітұлы Қойшиев, ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Данияр Айтбайұлы Кенжалин, Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы Пірімқұлов, аудан-қала имамдары, теолог-дінтанушылар, студенттер және сала мамандары қатысты.
Басқосуда Бас мүфти кеңесшісі Бижігіт Нұржігітұлы Қойшиев дәстүрлі діни танымды сақтау және жастардың рухани тәрбиесін күшейту мәселесіне тоқталды. Алматы облысы Дін істері басқармасының басшысы Ерғали Ақылбекұлы Көшеке мемлекет пен діни институттар арасындағы өзара іс-қимылдың маңызына назар аударды.
Жиында профессор Шамшәдин Тұрсынұлы Керім, Алматы облыстық мәслихатының депутаты Сұлтан Нұрғайыпұлы Нұрдәулет, доцент Имаммәди Түсіпхан және Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы Пірімқұлов баяндама жасады.
Баяндамаларда дәстүрлі ислам құндылықтарын дәріптеу, ұлттық тәрбиені нығайту, қазақ мұсылмандығының ерекшеліктері, діни сауаттылықты арттыру және жат діни ағымдардың алдын алу мәселелері талқыланды.



