БАЛҚАШ АУДАНЫНДА «ДАРХАН ДАЛА» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ОҚУШЫЛАРҒА РУХАНИ-ТАНЫМДЫҚ САПАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылында «Дархан дала» жобасы аясында оқушыларға арнайы рухани-танымдық сапар ұйымдастырылды.
Іс-шараға Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы Демеуқұлова Зәуреш Жұмағалиқызы және Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім және даму орталығының жетекші сарапшысы Жүсіпова Ғалия Әбдірахманқызы арнайы қатысты.
Рухани сапарды «Оспан қожа ата» мешітінің наиб имамы Азат Досымбаев жүргізді. Сапар барысында оқушылар музейді аралап, қазақ халқының тарихы, елдің қалыптасу кезеңдері, ұлт зиялылары мен діни қайраткерлердің өнегелі өмірі туралы тағылымды мәліметтер алды.
Аталған танымдық шара жастардың тарихи білімін арттырып, туған жерге, ұлттық құндылықтар мен рухани мұраға деген құрметін қалыптастыруға бағытталды.


