preloader

Жаңалықтар

ТАЛҒАРДА «АДАЛ ҚОҒАМ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАРЛАР ӨТТІ

ТАЛҒАРДА «АДАЛ ҚОҒАМ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАРЛАР ӨТТІ

Алматы облысы Талғар ауданындағы «Шариф», «Нығмет» және «Бірлік» мешіттерінде «Адал қоғам» тақырыбында тағылымды семинарлар өтті.

Кездесулерге Алматы облысы әйел-қыздар секторының жетекшісі Назерке Әкішқызы арнайы қатысып, жамағатпен мазмұнды ой бөлісті. Семинар қасиетті Құран аяттарын оқудан басталып, адалдық, отбасы құндылығы, адамгершілік пен жауапкершіліктің маңызы кеңінен талқыланды.

Жиын барысында тақырып тек теориялық тұрғыда ғана емес, сұрақ-жауап және психологиялық практикалық ойындар арқылы да қамтылды. Қатысушылар белсенділік танытып, өмірлік жағдайларға қатысты өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Практикалық тапсырмалар өзара түсіністік пен жылы қарым-қатынасты қалыптастыруға ықпал етті.

«Адал қоғам» – әр адамның өзінен басталатын құндылық. Адалдық, шынайылық, жауапкершілік пен мейірімділік отбасында қалыптасып, қоғамның дамуына әсер етеді. Осы бағыттағы рухани-ағартушылық кездесулер әйелдер қауымын ізгі құндылықтарды күнделікті өмірде ұстануға үндейді.

Семинар соңында қатысушылар өздеріне қажетті пайдалы мағлұмат алып, жақсы көңіл-күймен тарқасты. Жиынның негізгі мақсаты – Құран мен ислам құндылықтары негізінде адалдықты дәріптеп, қоғамдағы өзара сыйластық пен жауапкершілікті нығайту болды.