preloader

Жаңалықтар

МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ

МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Ислам және адал қоғам» жылы аясында Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының Еңбекшіқазақ ауданына жасаған іссапары барысында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында жаңа оқу жылы қарсаңында 200 балаға «Мектепке жол» қайырымдылық көмегі көрсетілді. Балаларға қажетті мектеп құрал-жабдықтары мен мектеп сөмкелері табысталды. Бұл игі бастама жас өскіндердің жаңа оқу жылын алаңсыз бастап, білім алуға деген ынтасын арттыруға бағытталды.

Шара барысында Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы балаларды жаңа оқу жылымен құттықтап, білімнің адам өміріндегі маңызына тоқталды. Сондай-ақ ата-аналарға ізгі тілегін білдіріп, қайырымдылық пен өзара қолдаудың қоғамдағы маңызын атап өтті.