Аудан имамдары Еңбекшіқазақ ауданы мешіттерінде жұма уағызын жүргізді
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданына қарасты мешіттерде «Тәртіпке бағынған құл болмайды» тақырыбында жұма уағызы айтылды.
Жұма намазы барысында жамағатқа тәртіптің адам өміріндегі маңызы, жауапкершілік, уақытты тиімді пайдалану және қоғамдағы белгіленген тәртіпке бағынудың мәні кеңінен түсіндірілді.
Осы тақырыптағы жұма уағыздары Еңбекшіқазақ ауданының барлық мешіттерінде бір мезгілде жүргізілді. Атап айтқанда, Есік қалалық мешітінде Бақыт Тойшыбаев, Есік қаласындағы «Ар-Рахман» мешітінде Талғат Сүлейманов, «Мұхаммед» мешітінде Нұрдәулет Төрехан, Қарасай ауылындағы «Қалибек батыр» мешітінде Қуаныш Жұман, Азат ауылдық мешітінде Ринат Қабыл, Көктөбе-1 ауылдық мешітінде Алмат Ашырбаев, Қайназар ауылдық мешітінде Әзім Сатыбалды, Тарғап ауылдық мешітінде Дәуренбек Жақыпұлы және Рахат ауылдық мешітінде Нұрсұлтан Бөлеген жамағатқа тақырып аясында насихат айтты.
Уағыз барысында тәртіптің тек қоғамдық талап емес, мұсылманның күнделікті өміріндегі маңызды құндылық екені айтылды. Сондай-ақ ата-анаға құрмет көрсету, отбасы алдындағы жауапкершілікті сезіну, үлкенге ізет, кішіге қамқорлық таныту, қоғамдық тәртіпті сақтау және ел тыныштығына үлес қосу мәселелері қамтылды.


