preloader

Жаңалықтар

АЛАТАУ ҚАЛАСЫНДА ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ ЖӘНЕ РАДИКАЛИЗМ ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ

АЛАТАУ ҚАЛАСЫНДА ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ ЖӘНЕ РАДИКАЛИЗМ ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ

ҚМДБ Әйел-қыздар секторының жылдық жоспарына сәйкес, Алатау қаласы, Ынтымақ шағын ауданындағы Ынтымақ ауылдық мешітінде «Діни экстремизм және радикализм» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Іс-шараны Алатау қаласы әйел-қыздар секторының жауаптысы Бақытнұр Төлеуқызы мен Ынтымақ ауылдық мешітінің ұстазы Гүлжанат Акишевна ұйымдастырды.
Ашық сабақтың негізгі мақсаты – әйелдер қауымының діни сауаттылығын арттыру, діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу, теріс діни ағымдардың ықпалына қарсы иммунитет қалыптастыру және дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттау.
Сабақ барысында діни экстремизм мен радикализмнің қоғамға тигізер кері әсері, оның алдын алу жолдары, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі діни ақпаратты дұрыс саралай білу мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Қатысушыларға діни мәселелерде сенімді дереккөздерге жүгіну, күмәнді ақпаратқа ермеу және діни білімді білікті ұстаздардан алудың маңыздылығы айтылды.
Кездесу соңында қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұстаздармен пікір алмасты.
Осындай рухани-ағартушылық кездесулер қоғамның діни сауатын арттырып, дәстүрлі діни құндылықтарды дәріптеуге және жат ағымдардың алдын алуға бағытталған маңызды жұмыстардың бірі болып табылады.