preloader

Жаңалықтар

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚАРИЫ «10 ПАРАНЫ ЖАТҚА ОҚУ» БАҒЫТЫНДА I ОРЫН АЛДЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚАРИЫ «10 ПАРАНЫ ЖАТҚА ОҚУ» БАҒЫТЫНДА I ОРЫН АЛДЫ

Ақтөбе қаласында өткен XV Республикалық Құран жарысында Алматы облысының атынан қатысқан Амантай Мұхаммед-Юсуф «10 параны жатқа оқу» бағыты бойынша жүлделі I орынды иеленді.

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген қарилар қатысқан республикалық жарыста үміткерлер Құран Кәрімді жатқа оқу бойынша өзара бақ сынап, білімдері мен дайындықтарын ортаға салды. Алматы облысының өкілі Амантай Мұхаммед-Юсуф жоғары нәтиже көрсетіп, өз бағыты бойынша үздік деп танылды.

Амантай Мұхаммед-Юсуфты XV Республикалық Құран жарысындағы айтулы жеңісімен құттықтаймыз! Құран жолындағы ізденісі мен еңбегіне Алла Тағала береке беріп, алған біліміне амал етуді нәсіп етсін.