preloader

Жаңалықтар

АЛАТАУ ҚАЛАСЫНДА ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ «ИХСАН – РУХАНИ ТӘРБИЕ НЕГІЗІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

АЛАТАУ ҚАЛАСЫНДА ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ «ИХСАН – РУХАНИ ТӘРБИЕ НЕГІЗІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

Алматы облысы, Алатау қаласында дін қызметкерлерінің кәсіби білімі мен рухани-танымдық деңгейін арттыру мақсатында «Ихсан – рухани тәрбие негізі» тақырыбында семинар өтті.
Іс-шараны Алматы облысы бойынша Ихсан және насихат бағытына жауапты имамы Ринат Маратұлы жүргізді.
Семинар барысында ихсан ұғымының мәні мен маңызы, оның мұсылманның рухани кемелденуіндегі орны кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ дін қызметкерінің бойындағы көркем мінез, ықылас, жауапкершілік, сабыр мен тақуалық секілді қасиеттердің маңыздылығы сөз болды.
Жиында имамдардың жамағатпен жұмыс жүргізу барысында насихаттың мазмұны мен әдісіне мән беру, қоғамның рухани қажеттіліктерін ескеру және ихсан құндылықтарын кеңінен дәріптеу мәселелері талқыланды.
Ихсан – адамның әрбір ісін көркем орындап, Алла Тағаланың разылығын көздеуімен қатар, рухани тазалық пен көркем мінезді қалыптастыратын маңызды құндылық. Осы бағыттағы жүйелі жұмыстар дін қызметкерлерінің жамағатқа берер рухани тағылымын арттыруға бағытталған.