АЛАТАУ ҚАЛАСЫНДА ҚҰРАН КӘРІМ ДӘРІСІ БАСТАЛДЫ
Алматы облысы, Алатау қаласында дін қызметкерлерінің Құран кәрім бойынша білімін жетілдіру мақсатында арнайы бекітілген жоспарға сәйкес Құран кәрім дәрісі басталды.
Дәріс Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің 2026 жылғы 4 мамырда бекіткен кестесіне сәйкес ұйымдастырылуда.
Жүйелі түрде өтетін сабақтар барысында дін қызметкерлерінің Құран кәрімді дұрыс оқу деңгейін арттыруға, тәжуид ережелерін терең меңгеруіне және оқу барысында кездесетін қателерді түзетуге басымдық беріледі.
Қасиетті Құранды дұрыс оқу – имамның діни қызметіндегі маңызды міндеттердің бірі. Сондықтан дәріс барысында теориялық біліммен қатар, практикалық сабақтарға да ерекше мән беріліп, қатысушылардың оқу мәнері мен дыбыстау ерекшеліктері сараланады.
Аталған дәрістер алдағы уақытта да бекітілген жоспарға сәйкес тұрақты түрде жалғасып, дін қызметкерлерінің Құран ілімі бойынша білімін жетілдіруге бағытталатын болады.


