preloader

Жаңалықтар

ІЛЕ АУДАНЫ: «СӘБДЕНҰЛЫ ӨТЕГЕН БАТЫР» МЕШІТІНДЕ ЖАҢАРТУ ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ІЛЕ АУДАНЫ: «СӘБДЕНҰЛЫ ӨТЕГЕН БАТЫР» МЕШІТІНДЕ ЖАҢАРТУ ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Іле аудандық «Сәбденұлы Өтеген Батыр» мешітінде жамағатқа қолайлы жағдай жасау және құлшылық ордасының көркін арттыру мақсатында ауқымды жаңарту және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, мешіт ауласындағы жалпы көлемі 800 шаршы метр тас төсеніш толықтай жаңартылып, ауыстырылды. Аталған жұмыстар мешіт аумағының сәулетін көркейтіп қана қоймай, мешітке келуші жамағат үшін қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар мешіт ғимаратының ішкі бөлігінде де бірқатар жаңарту жұмыстары атқарылды. Құлшылық ордасының кілемдері жаңартылып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілді. Мешіттің мұнаралары сырланып, жарықтандыру жүйесі жаңартылды. Нәтижесінде мешіттің ішкі және сыртқы келбеті жаңарып, жамағат үшін қолайлы әрі көркем жағдай жасалды.

Ізгі бастамаға қолдау білдіріп, мешіттің жаңаруына және аумағының абаттандырылуына үлес қосқан барша азаматтарға алғыс білдіреміз. Алла Тағала жасалған игі істерді қабыл етіп, атсалысқан азаматтардың еңбегіне береке, шаңырақтарына амандық нәсіп етсін!