preloader

Жаңалықтар

“Тазалық – иманның жартысы” сенбілік шарасы өтті

“Тазалық – иманның жартысы” сенбілік шарасы өтті

ҚМДБ-ның Жастар ісі секторының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, Алматы облысы, Талғар ауданында «Тазалық – иманның жартысы» атты тазалық шарасы ұйымдастырылды.

Іс-шараға Панфилов және Туғанбай ауылдарындағы мешіттердің дін қызметкерлері, мешіт жамағаты мен ауыл тұрғындары белсене қатысып, мешіт ауласы мен зират аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді.

Тазалық жұмыстары барысында зират аумағы ретке келтіріліп, мешіт айналасы қоқыстан тазартылды. Бұл игі бастама елді мекенге деген құрметті арттырумен қатар, қоршаған ортаны таза ұстауға және кейінгі буынға өнегелі үлгі көрсетуге бағытталды.

Мешіт имамдарының ұйытқы болуымен өткен шара барысында тазалықтың ислам дініндегі орны мен маңызы насихатталып, ауыл жастарын қоғамдық жұмыстарға белсенді атсалысуға шақыруға мән берілді.

Сонымен қатар, бұл игі іс республика көлемінде жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясына мешіт жамағатының қосқан өзіндік үлесі болды. Тазалық – қоршаған ортаны көркейтумен қатар, адамды жауапкершілікке, ұқыптылыққа және ізгілікке тәрбиелейтін сауапты амал.