preloader

Жаңалықтар

ІЛЕ АУДАНЫНДА МӘУЛІТ ШАРАСЫ ӨТТІ

ІЛЕ АУДАНЫНДА МӘУЛІТ ШАРАСЫ ӨТТІ

Іле ауданында ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өнегелі өмірі мен көркем мінезін насихаттауға арналған тағылымды Мәуліт шарасы өтті.

Рухани жиынға Алматы облысының Бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы арнайы қатысып, жамағатқа тағылымды уағыз-насихат айтты. Өз сөзінде Бас имам Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өнегелі жолы, адамгершілік қасиеттері, мұсылман қауымын бірлікке, бауырмалдыққа және ізгілікке үндеген өсиеттері жайында кеңінен айтып өтті.

Сонымен қатар рухани кеш барысында жамағатқа Мәуліт жыры оқылып, ізгілік пен имандылықты дәріптейтін мазмұнды уағыз-насихат айтылды. Шараға арнайы қатысқан белгілі ұстаз, ҚМДБ РАНТ мүшесі, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі Баймаханұлы Арман Қуанышбаев жамағатқа Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өнегелі жолы, адамгершілік қасиеттері мен мұсылман баласына қалдырған өсиеттері жөнінде кеңінен айтып, рухани тағылымымен бөлісті.

Жиын барысында жамағатқа ақ дастархан жайылып, көпшілік өзара пікір алмасып, рухани әсер алды.

Тағылымды шара жамағаттың рухани бірлігін нығайтып, имандылық пен ізгілікке үндеген мазмұнды басқосуға ұласты.