ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРУГЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің 2026 жылға арналған бағдарлық баяндамасында белгіленген міндеттер аясында дін қызметкерлерінің кәсіби білімі мен діни сауаттылығын арттыруға бағытталған оқу-әдістемелік семинар өтті.
Алматы облысы мешіттерінің дін қызметкерлеріне арналған бір күндік білім жетілдіру курсы «Ақида дәрістері» тақырыбына арналды. Семинар барысында ҚМДБ РАНТ мүшесі Ахмет Ғазиз Нұртайұлы ұстаз ақида негіздеріне қатысты тағылымды дәрістер оқып, қатысушыларға маңызды діни мәселелер бойынша түсіндірмелер берді.
Оқу семинарына Алматы облысынан 50 имам қатысып, білімдерін жетілдіріп, тәжірибе алмасты. Семинар соңында қатысушыларға білім жетілдіру курсына қатысқанын растайтын сертификаттар табысталды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – мешіт имамдарының діни білімін тереңдету, біліктілігін арттыру және халыққа діни-ағартушылық бағытта сапалы қызмет көрсетуіне мүмкіндік жасау.


