«Ислам және адал қоғам» тақырыбында көшпелі семинар өтті
Алматы облысы әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Ислам және адал қоғам» тақырыбы аясында бір күндік көшпелі семинар өтті.
Семинар барысында аудан аумағындағы бірқатар мешіттерде кездесулер ұйымдастырылып, жамағатқа адалдық, имандылық, адамгершілік құндылықтар және қоғамдағы әрбір адамның жауапкершілігі жайында тағылымды насихат айтылды.
Көшпелі семинар аясында:
• “Маметалы” мешіті
• “Сүлейменұлы Зейнолда” мешіті
•” Сманқұл” мешіті
• “Көкқайнар” мешіті
• “Әбу Ханифа” мешіттерінде кездесу өттті.
Іс-шараға Алматы облысы әйел-қыздар секторының жетекшісі Назерке Әкішқызы және Іле ауданы әйел-қыздар секторының жетекшісі Айсұлу Зейнелханова қатысты. Кездесулерде Ислам дініндегі адалдықтың орны, отбасы мен қоғамдағы жауапкершілік, көркем мінез бен өзара құрметтің маңызы кеңінен түсіндірді.



