preloader

Жаңалықтар

АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ «ҚАПШАҒАЙ» МЕШІТІНДЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ «ҚАПШАҒАЙ» МЕШІТІНДЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Алматы облыстық «Қапшағай» мешітінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тазалық акциясы аясында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Игі шара барысында мешіт ауласы мен оған іргелес аумақтар тазартылып, жиналған қоқыстар шығарылды. Сонымен қатар құлшылық ордасының айналасын таза әрі көрікті ұстауға бағытталған бірқатар жұмыстар атқарылды. Тазалық шарасына мешіттің дін қызметкерлері мен жамағаты атсалысып, ортақ іске белсенділік танытты. Шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, мешіт аумағын көркейту және қоғам арасында тазалық мәдениетін насихаттау. Алдағы уақытта да «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы тазалық және абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасын табады.