БАЛҚАШ АУДАНЫНДА «ДӘСТҮР ЖӘНЕ ОТБАСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Алматы облысы Балқаш ауданына қарасты Балатопар ауылдық мәдениет үйінде «Дәстүр және отбасы»тақырыбында тағылымды кездесу ұйымдастырылды.
Дін қызметкерлері мен ауыл тұрғындарының қатысуымен өткен басқосудың негізгі мақсаты – отбасы институтының маңызын дәріптеу, ұлттық құндылықтарды насихаттау, сондай-ақ жас ұрпақ тәрбиесіндегі дәстүр мен дін сабақтастығын кеңінен түсіндіру.
Кездесу барысында Алматы облыстық «Қапшағай» орталық мешітінің наиб имамы Мейрамбек Ақылбекұлыбаяндама жасап, қазақ халқының салт-дәстүріндегі отбасы құндылықтарының орны мен тәрбиелік мәніне жан-жақты тоқталды. Сондай-ақ жастар тәрбиесінде ата-бабадан мирас болып келе жатқан өнегелі жолды жалғастырудың, ұлттық болмыс пен рухани құндылықтарды сақтаудың маңызын атап өтті.
Тағылымды шараны Балқаш аудандық «Оспанқожа ата» мешітінің бас имамы Нұрдәулет Тоқанұлы Төрежанов ұйымдастырды. Кездесу соңында ауыл ақсақалдары мен ақ жаулықты аналар жастар тәрбиесіне қатысты ой-пікірлерімен бөлісіп, ұлттық және отбасылық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған мұндай рухани-ағартушылық кездесулердің маңызын атап өтті.


