preloader

Жаңалықтар

ТАЛҒАР МЕШІТТЕРІНДЕ ЖАТ АҒЫМДАРДАН САҚТАНДЫРУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ТАЛҒАР МЕШІТТЕРІНДЕ ЖАТ АҒЫМДАРДАН САҚТАНДЫРУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жат діни ағымдардан сақтандыру бағыты бойынша жұмыс жоспарына сәйкес Алматы облысы, Талғар ауданында жергілікті ақпараттық-насихат тобының (ЖАНТ) өкілдері мешіт жамағатымен бірқатар түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
ЖАНТ өкілдері діни мәселелерде ҚМДБ ұстанымын басшылыққа алудың маңыздылығына тоқталып, Қазақстан мұсылмандарының дәстүрлі діни жолы – Ханафи мәзһабы мен Матуриди ақидасын ұстанудың мәнін кеңінен түсіндірді.
Сонымен қатар уағыз-насихат барысында қоғамдағы діни тұрақтылықты сақтау, отбасы мен жамағат бірлігін нығайту, дінді дұрыс әрі сенімді дереккөздерден үйрену мәселелері қозғалды.
Аталған түсіндіру жұмыстары мешіттерде бесін және құптан намазының алдында ұйымдастырылып, жамағат тарапынан қойылған діни сауалдарға жауаптар берілді.
Мұндай ақпараттық-насихаттық кездесулердің негізгі мақсаты – халықтың діни сауатын арттыру, жат діни ағымдардың ықпалына түсудің алдын алу және дәстүрлі ислам құндылықтарын кеңінен насихаттау.