preloader

Жаңалықтар

ТАСКЕСКЕН МЕШІТІНДЕ ШӘКІРТТЕР АРАСЫНДА ҰЛТТЫҚ СПОРТТАН САЙЫС ӨТТІ

ТАСКЕСКЕН МЕШІТІНДЕ ШӘКІРТТЕР АРАСЫНДА ҰЛТТЫҚ СПОРТТАН САЙЫС ӨТТІ

18 қазан күні Алматы облысындағы «Таскескен» мешітінде шәкірттер арасында «Ұлттық және сүннетке сай спорт түрлері» атты спорттық сайыс ұйымдастырылды.

Аталған шара Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Жастар ісі» секторы мен «Дәстүр және отбасы» бағыты аясында өткізіліп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, салауатты өмір салтын насихаттауға және жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.

Сайыстың негізгі мақсаты – мешіт шәкірттерін дене шынықтыруға баулу, ұлттық спорт түрлеріне деген құрметін қалыптастыру, сондай-ақ жас ұрпақ арасында имандылық пен дәстүр сабақтастығын нығайту.

Спорттық жарысқа барлығы 22 шәкірт, оның ішінде 16 ұл және 6 қыз бала қатысты. Қатысушылар өзара бақ сынасып, күш-жігері мен ептілігін көрсетіп, белсенділік танытты.

Аталған шара «Таскескен» мешітінің  Аббас имамының ұйымдастыруымен өткізілді. Сайыс барысында шәкірттердің спортқа деген ынтасын арттыруға, өзара достық қарым-қатынас пен бауырмалдықты нығайтуға ерекше көңіл бөлінді.

Мұндай тағылымды шаралар жас ұрпақтың рухани және дене тәрбиесін қатар дамытуға, ұлттық дәстүрлерді құрметтеуге және бос уақытын тиімді пайдалануға ықпал етеді.