ҚАРАСАЙ АУДАНЫНДА «ӨТКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – ТІРІГЕ МІНДЕТ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ.
Алматы облысы Қарасай ауданында ҚМДБ-ның «QAMQOR-SHARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығының жылдық жоспарына сәйкес «Өткенге құрмет – тіріге міндет» атты тазалық акциясы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында аудан аумағындағы қорымдарда тазалық жұмыстары жүргізіліп, зират іші қоқыстан тазартылды. Жиналған тұрмыстық қалдықтар арнайы орындарға шығарылып, қорым аумағындағы ретсіз жатқан заттар ретке келтірілді.
Аталған бастама зираттардың санитарлық жағдайын жақсартуға, тазалық мәдениетін қалыптастыруға және марқұмдарға деген құрметті арттыруға бағытталған.
Ислам дінінде тазалыққа мән беру, өткенді ұмытпай, марқұмдарға дұға бағыштау – рухани тәрбиенің маңызды бөлігі. Ал зираттарды күтіп ұстау – ата-баба аманатына адалдық танытып, ұлттық дәстүрді ұлықтаудың көрінісі.
ҚМДБ-ның «QAMQOR-SHARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығының жоспары аясында жүзеге асқан бұл шара қоғамда ортақ жауапкершілікті нығайтуға және қорымдарды күтіп ұстау мәдениетін дамытуға үлес қосады.
Зират тазалығы – баршаға ортақ міндет. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.



