ҚАРАСАЙДА «ЖАТ АҒЫМ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ
Алматы облысы Қарасай ауданында жастардың діни сауаттылығын арттыру және жат діни ағымдардың алдын алу мақсатында «Жат ағым жарға жығады» атты семинар өтті.
Іс-шараны Қарасай ауданы бойынша Жастар ісі секторының жауапты имамы Төкен Дәурен Болатұлы мен жат діни ағымдардан сақтандыру бағытына жауапты имам Рақымкелді Құдірет ұйымдастырды.
Семинарға Қарасай ауданының бас имамы Қуаныш Жұмаханұлы қатысып, жастарға дәстүрлі діни танымның маңызын түсіндірді. Кездесу барысында жат діни ағымдардың қоғамға және жеке тұлғаның рухани дамуына тигізетін кері әсері, діни ақпаратты дұрыс саралау, күмәнді діни көзқарастардан сақтану мәселелері қозғалды.
Сонымен қатар жастарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұстанатын дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттау, діни сауаттылықты арттыру және қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті сақтау бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Семинардың негізгі мақсаты – жастардың діни танымын қалыптастыру, жат ағымдардың жетегінде кетудің алдын алу және ұлттық құндылықтар мен дәстүрлі діни ұстанымдарға құрметті арттыру.



