ТАЛҒАР АУДАНЫНДА МЕШІТКЕ ЗАМАНАУИ БЕЙНЕБАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІ УАҚЫП ЕТІЛДІ
Аталған игі бастама мешіттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, ішкі және сыртқы аумағын тұрақты бақылауға, сондай-ақ жамағатқа қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған. Уақып аясында мешітке ішкі және сыртқы бейнебақылау камералары, бейнежазбаларды тіркеу және сақтау құрылғылары, қатты дискілер, бақылау және басқару жабдықтары орнатылды. Сонымен қатар жүйені смартфон арқылы қашықтан бақылау мүмкіндігі қарастырылып, қажетті кабельдер мен қосымша техникалық жабдықтар қамтамасыз етілді. Игі іске үлес қосқан демеуші азаматтарға мешіт атынан алғыс білдірді. Сондай-ақ жамағатқа уақыптың ислам дініндегі орны мен маңызы түсіндіріліп, оның қоғам игілігіне қызмет ететін, сауабы үзілмейтін қайырымдылық түрлерінің бірі екені насихатталды.



