ҚАРАСАЙДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ҰЛТТЫҚ СПОРТТЫҚ САЙЫСТАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.
25 қазан – Республика күніне орай Алматы облысы Қарасай ауданында бірқатар спорттық сайыстар ұйымдастырылды.
Мерекелік іс-шара аясында футболдан турнир өткізіліп, садақ ату, асық ату, гір көтеру, арқан тарту, турникке тартылу және қол күресінен жарыстар ұйымдастырылды. Спорттық шаралардың негізгі мақсаты – ұлттық спорт түрлерін дәріптеу, салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру және қоғамдағы бірлік пен ынтымақты нығайту. Аталған сайыстарға Қарасай ауданының дін қызметкерлері мен мешіт жамағаты белсенді қатысып, мерекелік шараның жоғары деңгейде өтуіне өз үлестерін қосты.
Осындай игі бастамалар ел бірлігін бекемдеп, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға және қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етеді.



