«ПӘТУА САҒАТЫ»: МӘЗҺАБ ҰСТАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ НАСИХАТТАЛДЫ
Алматы облысы Талғар ауданындағы «Әбу Бәкір ас-Сыддық» мешітінде «Пәтуа сағаты» аясында жамағатқа діни түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Алматы облысы өкілдігінің «Шариғат және пәтуа» бөліміне жауапты Азамат Дәулетұлы бесін намазына жиналған жамағатқа «Мәзһаб ұстанудың артықшылығы және Ханафи мәзһабының дәлелдері» тақырыбында насихат айтты. Кездесу барысында Ханафи мәзһабының шариғи негіздері, мәзһаб ұстанудың маңызы және діни бірлікті сақтаудағы рөлі кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ жамағатқа діни мәселелерде сенімді ақпарат көздеріне сүйену, шариғи сұрақтар бойынша мешіт имамдары мен білікті дін мамандарына жүгіну қажеттігі ескертілді.



