ҮШКЕМПІРҰЛЫ ЖАҚСЫЛЫҚ МЕШІТІНДЕ ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ
Үшкемпірұлы Жақсылық мешітінде әйел-қыздар жамағаты арасында Дұха–Нас сүрелері бойынша Құран жарысы ұйымдастырылды. Рухани сайысқа жиырмаға жуық қыз-келіншек қатысып, қасиетті Құран Кәрімді жатқа оқу бойынша өзара бақ сынасты. Жарысты ұйымдастырудағы мақсат – Құран Кәрімге деген сүйіспеншілікті арттыру, сүрелерді жаттауға ынталандыру және әйел-қыздар жамағатының діни білімін жетілдіру. Ізгі шараны Маханбет Мариям Әбдіжамалқызы ұстаз ұйымдастырды. Сайыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар анықталып, ақшалай сыйлықтар мен ынталандыру сыйлықтарына ие болды.
ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МЕН МАРАПАТТАРЫ
І орын — Қалдыбаева Гүлбану
30 000 теңге
ІІ орын — Оразғалиева Жарқынай
20 000 теңге
ІІІ орын — Мухамадалиева Дильнур
15 000 теңге
IV орын — Көмекбай Жанар
Ынталандыру сыйлығы
V орын — Абдухан Айша
Ынталандыру сыйлығы
Алла Тағала баршамызды Құранды оқып, үйреніп, оған амал етушілердің қатарынан етсін! Әмин!



