ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНДА «ТАЙҚАЗАН» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Ақбастау ауылдық мешітінде Республика күніне орай «Тайқазан» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Игі шараның негізгі мақсаты – мұқтаж отбасыларға қолдау көрсету, қайырымдылық пен жанашырлықты насихаттау, қоғамдағы өзара көмек пен бірлікті нығайту.
Шара аясында әлеуметтік жағдайы төмен және көмекке мұқтаж 35 отбасыға азық-түлік себеттері таратылды. Бұл игі бастама мереке қарсаңында отбасыларға қолдау көрсетіп, ел ішіндегі мейірімділік пен қайырымдылықтың жарқын үлгісіне айналды.
Қайырымдылық шарасын Ақбастау ауылдық мешітінің имамы Ельжан Медеуов ұйымдастырды. Іс-шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Зекет және қайырымдылық қорының Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы бойынша жауапты имамы Сұлтан Сәрсенбек, Балтабай ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлері мен ауыл ақсақалдары қатысты.
Қайырымдылық шарасы барысында ел бірлігі мен ынтымағының маңызы атап өтіліп, мұқтаж жандарға көмек көрсету – ортақ жауапкершілік пен адамгершіліктің көрінісі екені айтылды.
Осындай игі бастамалар Республика күні мерекесінің мәнін арттырып, қоғамда қайырымдылық мәдениетін қалыптастыруға және мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге бағытталған.


