preloader

Жаңалықтар

ҚАРАСАЙ АУДАНЫНЫҢ БАС ИМАМЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТҚАН МЕШІТТЕРДІ АРАЛАДЫ

ҚАРАСАЙ АУДАНЫНЫҢ БАС ИМАМЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТҚАН МЕШІТТЕРДІ АРАЛАДЫ

Алматы облысы, Қарасай ауданының бас имамы Қуаныш Жұмаханұлы аудан аумағында құрылысы жүріп жатқан мешіттерді аралап, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Сапар барысында бас имам мешіт құрылыстарының қазіргі жағдайын көріп, атқарылып жатқан жұмыстарға назар аударды. Сонымен қатар құрылыс барысындағы өзекті мәселелер мен алдағы жоспарлар талқыланды.
Мешіт құрылысы – ел игілігіне бағытталған сауапты іс. Құлшылық үйлерінің бой көтеруі халықтың рухани қажеттілігін қамтамасыз етіп қана қоймай, жас ұрпаққа имандылық тәрбие беретін маңызды орталықтардың қалыптасуына жол ашады.
Қуаныш Жұмаханұлы мешіт құрылыстарын жүйелі бақылауда ұстаудың және жұмыстардың сапалы әрі жоспарлы жүргізілуінің маңыздылығын атап өтті.