ІЛЕ АУДАНЫНДА «ДІН МЕН ДӘСТҮР» КІТАПТАРЫ БОЙЫНША БІЛІМ САЙЫСЫ ӨТТІ
Алматы облысы Іле ауданындағы «Исмайл ибн Ибраһим» мешітінде ҚМДБ-ның «Дәстүр және отбасы» бағыты аясында мешіт шәкірттері мен жамағаты арасында «Дін мен дәстүр» кітаптарының І, ІІ және ІІІ томдары бойынша білім сайысы ұйымдастырылды. Сайыс екі кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде қатысушылар аталған кітаптардың мазмұны бойынша әзірленген тест сұрақтарына жауап берді. Жоғары нәтиже көрсеткен шәкірттер келесі кезеңге жолдама алды.
Екінші кезеңде қатысушыларға кітаптарда қамтылған ұлттық салт-дәстүрлерге қатысты сұрақтар жеке-жеке қойылып, олардың білім деңгейі сараланды. Сайыс қорытындысында үздік нәтиже көрсеткен шәкірттер І, ІІ және ІІІ орындарға ие болып, арнайы қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар сайысқа қатысқан барлық шәкірттерге қосымша сыйлықтар табысталды.
Аталған шараның мақсаты – шәкірттердің діни сауаттылығын арттыру, ұлттық салт-дәстүрлердің ислам дінімен сабақтастығын түсіндіру және рухани құндылықтарды дәріптеу.


