АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ «ҚАПШАҒАЙ» МЕШІТІНДЕ ЖАМАҒАТҚА АРНАЛҒАН ДӘРІСТЕР ТҰРАҚТЫ ӨТКІЗІЛУДЕ
Алматы облыстық «Қапшағай» орталық мешітінде жамағаттың діни сауаттылығын арттыру, ислам құндылықтарын кеңінен насихаттау және рухани білімін жетілдіру мақсатында діни дәрістер тұрақты түрде жүргізілуде. Мешітте ұйымдастырылған дәрістер барысында ислам негіздері, Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірбаяны, мұсылман әдебі және араб тілі бойынша білім беріледі. Атап айтқанда, Алматы облысының бас имамы Пірімқұлов Мадияр қажы Тағайбайұлы «Сияр Шәріп», Сапарбаев Айдар Кәрімұлы «Ислам негіздері», Абдрахманов Мейрамбек Ақылбекұлы «Мұсылман әдебі» пәндерінен, ал Әбдіқадыр Ақжол Нұрбосынұлы араб тілі бойынша дәріс жүргізеді.
Аталған дәрістер жамағаттың діни білімін жүйелі түрде жетілдіруге, рухани тәрбиесін нығайтуға және ислам құндылықтарын күнделікті өмірде ұстануына ықпал етуге бағытталған. Алматы облыстық «Қапшағай» орталық мешітінде жамағатқа арналған діни-ағартушылық сабақтар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады.


