АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «ҚҰРАННЫҢ ІНЖУ-МАРЖАНДАРЫ» АТТЫ ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ
Республика күніне орай Алматы облыстық «Қапшағай» орталық мешітінде әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Құранның інжу-маржандары» атты Құран жарысы өтті. Рухани сайыс Құран Кәрімнің 30-парасындағы сүрелерді жатқа және мәнерлеп оқу бағыттары бойынша ұйымдастырылды. Жарыстың негізгі мақсаты – әйел-қыздар арасында Құран оқуға деген ынтаны арттыру, қасиетті кітапты үйренуге баулу және рухани білімді насихаттау. Байқауға Алматы облысы әйел-қыздар секторының төрайымы Назерке Әкішқызы, Қарасай аудандық «Түркістан-1» мешітінің ұстазы Сағымбек Балжан және Іле ауданы мешітінің ұстазы Хумарбек Айнұр қазылық етті. Жарыс қорытындысы бойынша Құран сүрелерін жатқа оқу номинациясында І орынды Құрманбай Күләнда, ІІ орынды Зарлыханова Жанар, ІІІ орынды Рашидқызы Мадина иеленді.
Ал Құранды мәнерлеп оқу бағыты бойынша Шамова Әмина, Умирзакова Айгерім және Нұрланқызы Әселүздіктер қатарынан көрінді.


