ІЛЕ АУДАНЫНДА МЕШІТ ЖАМАҒАТЫ АРАСЫНДА СПОРТТЫҚ САЙЫС ӨТТІ
Алматы облысы Іле ауданындағы «Исмайл ибн Ибраһим» мешітінде ҚМДБ-ның «Дәстүр және отбасы» және «Жастар ісі» секторларының бірлескен жұмысы аясында мешіт жамағаты арасында «Ұлттық және сүннетке сай спорт түрлері» сайысы өтті. Аталған шараның негізгі мақсаты – мешіт жамағаты арасындағы бірлік пен ынтымақты нығайту, ұлттық және сүннетке сай спорт түрлерін насихаттау, сондай-ақ салауатты өмір салтын дәріптеу. Спорттық сайыс барысында қатысушылар гір тасын көтеру, турникке тартылу және қол күресі бойынша өзара бақ сынап, күш-жігері мен ептіліктерін көрсетті. Жарыс қорытындысында жоғары нәтиже көрсетіп, үздік ұпай жинаған қатысушылар арнайы сертификаттармен және сыйлықтармен марапатталды.


