preloader

Жаңалықтар

ҚАРАСАЙДА «ТАЙҚАЗАН» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

ҚАРАСАЙДА «ТАЙҚАЗАН» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

Алматы облысы, Қарасай ауданындағы «Несіпжан қажы» мешітінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай «Тайқазан» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Алматы облыстық «Қапшағай» мешітінің наиб имамы Мейрамбек Ақылбекұлы Қарасай ауданындағы «Түркістан-1» мешітінде бесін намазы кезінде жамағатқа уағыз-насихат айтып, ислам дініндегі ізгілік пен адамгершілік құндылықтарын дәріптеді. Бұдан кейін наиб имам ауданға қарасты «Несіпжан қажы» мешітінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай ұйымдастырылған «Тайқазан» қайырымдылық шарасына қатысты. Игі бастама аясында әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға азық-түлік себеттері таратылып, қайырымдылық көмек көрсетілді. Шара барысында Мейрамбек Ақылбекұлы мұқтаж жандарға қолдау көрсетудің сауапты іс екенін атап өтіп, қоғамдағы бірлік пен бауырмалдықты нығайтудың маңызына тоқталды.