АЛАТАУ ҚАЛАСЫНДА РАНТ МҮШЕСІ ЖҰМА УАҒЫЗЫН ЖҮРГІЗДІ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Республикалық ақпараттық-насихат тобының (РАНТ) мүшесі Ерке Исламқұл Иманқұлұлы Алматы облысы, Алатау қаласында жұма уағызын айтты. Уағыз барысында «Тілек тілеу (дұға) және кешірім сұрау (истиғфар) – мұсылманның қорғаны» тақырыбы кеңінен түсіндірілді. РАНТ мүшесі дұға мен истиғфардың мұсылман өміріндегі маңызына тоқталып, олардың пендені Алла Тағалаға жақындататын, жүрекке тыныштық сыйлап, рухани кемелдікке жетелейтін құлшылықтар екенін жеткізді. Сондай-ақ ата-анаға, ұрпаққа және Отанға дұға жасаудың артықшылығы, күнәлар үшін кешірім сұраудың мәні мен дұғаның қабыл болуына ықпал ететін әдептері Құран аяттары мен пайғамбар хадистері негізінде баяндалды. Уағыз соңында жамағат дұға мен истиғфарды күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналдыруға, ата-анасын, отбасын және ел-жұртын дұғадан қалдырмауға шақырылды.


