ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА «ҚҰДАЙ АС – ЖАРЫС ЕМЕС, САУАП» ТАҚЫРЫБЫНДА НАСИХАТ АЙТЫЛДЫ
Алматы облысы, Жамбыл аудандық «Шынасыл» мешітінде ҚМДБ-ның «Дәстүр және отбасы» бағыты аясында «Құдай ас – жарыс емес, сауап» тақырыбында тағылымды кездесу өтті.
Жиында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Республикалық ақпараттық-насихат тобының (РАНТ) мүшесі Ерке Исламқұл Иманқұлұлы насихат айтып, ас беру мәдениеті, ысырапшылдыққа жол бермеу және дәстүрлі діни рәсімдерді шариғат талаптарына сай орындаудың маңыздылығына тоқталды.
Тағылымды кездесуге мешіт жамағаты, аудан ақсақалдары мен жастар қауымы қатысып, тақырып аясында ой бөлісті.
Кездесу барысында ұлттық дәстүрді дәріптеу, ас беру рәсімінде қарапайымдылық пен үнемшілдікті ұстану қажеттігі айтылды.


