preloader

Жаңалықтар

Құрбан айттың үш күнінде 3230 отбасыға ет таратылды

Құрбан айттың үш күнінде 3230 отбасыға ет таратылды

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен және «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен Алматы облысында биыл құрбан шалу офлайн және онлайн форматта жүзеге асып, 3 230 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді.

Үш күн ішінде 646 қой, 27 ешкі, 44 ірі қара, 1 түйе құрбандыққа шалынып, Қонаев қаласы және Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Кеген, Қарасай, Райымбек, Талғар, Ұйғыр және Іле аудандары бойынша құлшылық үйлерінің тізімінде тұрған әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға 20 тонна 385 кг ет үлестірілді.

Игі шараға дін қызметкерлері, жергілікті жамағат және еріктілер ат салысты. Алла Тағала шынайы ниетпен құрбан шалып, мұқтаж отбасыларға мерекелік қуаныш сыйлап, сауапты іске ортақтасқан барша азаматтарға разы болсын!