preloader

Жаңалықтар

Іле ауданы: «Ихсан иесі әз-Мұхаммед» атты рухани шара өтті

Іле ауданы: «Ихсан иесі әз-Мұхаммед» атты рухани шара өтті

Алматы облысы Іле ауданына қарасты «Арын қажы» мешітінде әйел-қыздар жамағаты арасында «Ихсан иесі әз-Мұхаммед» атты сайыс ұйымдастырылды.

«Адамзаттың асыл тәжі» кітабы бойынша өткен шараға 71 үміткер қатысып, 2 кезеңнен тұратын сайыста өзара білімдерін сынады.

Жарыс нәтижесі бойынша І орынға Құлахмет Ботакөз лайық деп танылса, ІІ орынға Қаптағаева Мақпал мен Сәндібек Динара есімді шәкірттер ие болды. Жүлделі орын иегерлеріне сәйкесінше 100.000 және 70.000 теңгеден берілді.

Сонымен қатар Назым Сақарияқызы, Ақмарал Саятқызы, Джадраева София есімді шәкірттерге, және ең кішкентай қатысушы Құрманғали Фирдаусқа ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.