preloader

Жаңалықтар

Талғар ауданының имамдарына арналған он күндік семинар басталды

Талғар ауданының имамдарына арналған он күндік семинар басталды

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Діни басқарманың кеңейтілген Төралқа мәжілісінде 2023 жылы атқарылатын жұмыстардың бес бағытын бекіткен болатын. Соның ішінде діни оқу-ағарту бағытына ерекше көңіл бөлу қажеттігі айтылды. Осыған орай, Алматы облысы Талғар ауданының имамдарына арналған он күндік семинар басталды.

Алғы сөзді алған Талғар ауданының бас имамы Нұржан Пірәліұлы бұл семинардың мақсаты дін қызметкерлерінің білімін жетілдіру арқылы, олардың сауатты қызмет етуіне ықпал жасау екенін айтып өтті.

Өз кезегінде өңіріміз бойынша діни ағарту бағытына жауапты маман Сәкен Еншібайұлы кәсіби біліктілікті арттыруға арналған осындай шаралардың маңыздылығына тоқталып, ой-пікірін білдірді.

Аталмыш семинар барысында жергілікті дін қызметкерлеріне Құран Кәрім және Тәжуид пәндерінен дәрістер оқылатын болады.