preloader

Жаңалықтар

Бас имам «Берекелі Рамазан» қайырымдылық шарасына қатысты

Бас имам «Берекелі Рамазан» қайырымдылық шарасына қатысты

Қасиетті Рамазан айының қарсаңында ҚМДБ Алматы облысы бойынша өкілдігіне қарасты Іле аудандық «Сәбденұлы Өтеген батыр» мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

«Берекелі Рамазан» атты ізгі шараға Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы, «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты өкілі Ринат Маратұлы, Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлы және дін қызметкерлері қатысты.

Жомарт жүректі азаматтардың қолдауының арқасында жүзеге асқан шара барысында құлшылық үйінің тізімінде тұрған әлеуметтік жағдайы төмен 50 отбасыға бір айлық азық-түлік себеттері үлестірілді.