preloader

Жаңалықтар

Қарасай ауданының қарияларына ауызашар дастарқаны жайылды

Қарасай ауданының қарияларына ауызашар дастарқаны жайылды

Қарасай ауданы дін қызметкерлерінің және Алматы облысы өкілдігіне қарасты Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Түркістан» мешітінің жанындағы «Бақыт» отбасылық кеңес беру орталығында арнайы ауызашар дастарқаны жайылды.

Қарияларға құрмет көрсету мақсатында жайылған ауызашардың алғы сөзін «Зекет және қайырымдылық» қорының өңіріміздегі жауапты өкілі Ринат Маратұлы алып, қазыналы ақсақалдар мен ақ жаулықты асыл аналарға Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының сәлемі мен қасиетті Рамазан айымен құттықтауын жеткізді.

Өз кезегінде Қарасай ауданының бас имамы Дәуренбек Жандосұлы қарияларға ізгі лебізін білдіріп, берекелі айдың қадір-қасиеті туралы насихат айтты.