preloader

Жаңалықтар

Белгілі ғалым Алматы облыстық «Қапшағай» мешітінде жұма уағызын айтты

Белгілі ғалым Алматы облыстық «Қапшағай» мешітінде жұма уағызын айтты

ҚМДБ жанындағы Ғұламалар кеңесінің мүшесі, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы, елімізге танымал ғалым Әділбаев Алау Шайқымұлы Алматы облыстық «Қапшағай» мешітінде жұма уағызын жүргізді.

«Истиқамат (дінге беріктік)» тақырыбында жұма уағызын айтқан Алау Шайқымұлы құлшылық үйіне жиналған жамағатқа адам баласының тура жолды тапқаннан кейін, одан оңды-солды ауытқымай барынша мұқияттылық таныту қажет екендігін айтып өтті. Сондай-ақ, белгілі ғалым мұсылманның дінде беру болуына ықпал ететін іс-амалдарға да тоқталып өтті.