preloader

Жаңалықтар

«Арын қажы» мешіті ауқымды қайырымдылық шарасын өткізді

«Арын қажы» мешіті ауқымды қайырымдылық шарасын өткізді

Алматы облысына қарасты Іле ауданы Боралдай кенті Водник-2 ы/а «Арын қажы» мешіті «Рамазан қоржыны» жобасына үн қосты.

Құлшылық үйінде өткен шараға «Зекет және қайырымдылық» қорының өңіріміздегі жауапты өкілі Ринат Маратұлы, «Арын қажы» мешітінің имамы Алдажар Сейітұлы және жергілікті дін қызметкерлері қатысты.

Ринат Маратұлы көпшілікке Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлының ыстық сәлемі мен Рамазан айымен құттықтауын жеткізгеннен кейін, Алдажар Сейітұлы ағамыз дұға жасап, жиналған қауымға, еліміз бен жерімізге бақ-береке тіледі.

Осыдан кейін мешіт тізімінде тұрған әлеуметтік жағдайы төмен 150 отбасыға азық-түлік себеттері және 150 балаға түрлі тәттілер салынған «Рамазан тәттісі» қорапшалары үлестірілді.

Мешіт ұжымы осы қайырымдылыққа қол ұшын созып, демеушілік білдірген Қайрат есімді азаматқа алғыс білдіреді. Алла ниетіңізді қабыл етсін. Әмин!