preloader

Жаңалықтар

«Қолдан қолға» жобасы: 5 студентке бір реттік шәкіртақы берілді

«Қолдан қолға» жобасы: 5 студентке бір реттік шәкіртақы берілді

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасына сәйкес Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлының бастамасымен, Балқаш ауданы дін қызметкерлері және жергілікті «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен «Үш қоңыр» медресе-колледжінің бірқатар студенттеріне шәкіртақы берілді.

«Қолдан қолға» қайырымдылық жобасы аясында кәсіпкер азаматтардың демеушілігінің арқасында жүзеге асқан шарада Балқаш ауданының бас имамы Нұрдәулет Тоқанұлы білім ордасының 5 студентіне жалпы көлемі 380.000 тг болатын қаржылай көмек көрсетті.