preloader

Жаңалықтар

Қонаевта ел амандығы үшін Құран хатым дұғасы жасалды

Қонаевта ел амандығы үшін Құран хатым дұғасы жасалды

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасына орай облыстық «Қапшағай» мешітінде бір ай бойы оқылған Құран хатым етіліп, ел амандығы үшін дұға жасалды.

Қасиетті Рамазан айында өңіріміздің қарилары облыстық «Қапшағай» мешітінде офлайн және онлайн форматта Құранды хатым етті. Бүгін Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы бастаған наиб имамдар мен қарилар Құран хатым дұғасының сауабын өмірден өткен ата-бабаларымыздың, қазақ хандары мен батырларының, Алаш қайраткерлерінің, еліміздің дамуына ерен еңбегі сіңген азаматтардың рухына бағыштады.

Бұдан бөлек дін қызметкерлері Жаратушыдан еліміздің есендігі және тасқын судан зардап шегіп отырған ағайынның амандығын сұрап, дұға жасады.