preloader

Жаңалықтар

Алматы облысының имамдары «Таза Қазақстан» акциясына үн қосты

Алматы облысының имамдары «Таза Қазақстан» акциясына үн қосты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Алматы облысы өкілдігіне қарасты мешіттерде тазалық акциялары ұйымдастырылды.

Қоршаған ортаның тазалығына мән беріп, көңіл аудару әрбір мұсылман баласының бұлтартпас борышы екенін ақиқат. Осы орайда Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының жетекшілік етуімен жергілікті дін қызметкерлері орталық «Қапшағай» мешітінің ауласына тазалық жұмыстарын жүргізіп, ағаштарды әктеп, қоқыстарды жинастырды.

«Ардақты пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Тазалық – иманның жартысы» деген хадисі бар. Демек, мұсылман баласы тұла бойына ғана емес, қоршаған ортаның тазалығына да жауапкершілікпен қарауы керек», деді Мадияр қажы Тағайбайұлы.