preloader

Жаңалықтар

Жас жұбайларға ауызашар берілді

Жас жұбайларға ауызашар берілді

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен, Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлының тапсырмасына орай «Ислам және отбасы» бағдарламасы аясында Іле ауданы Көкқайнар-2 ауылында неке қидырған жас отбасыларға ауызашар берілді.

Рухани жиын барысында жас жұбайларға некенің құндылығы туралы насихат айтылды. Дін қызметкерлері  үлкен өмірге қол ұстасып бірге көш бастаған жас жұбайларға отбасы тыныштығын сақтау жөнінде кеңестер беріп, оларға ерлі-зайыптылардың міндеттерін кеңінен айтып түсіндірді. Неке – ардақты пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннеттерінің бірі екендігін жеткізіп, оған жауапкершілікпен қарауға шақырды.