preloader

Жаңалықтар

Ұйғыр ауданына жаңа бас имам тағайындалды

Ұйғыр ауданына жаңа бас имам тағайындалды

Бүгін Алматы облысына қарасты Ұйғыр ауданына жаңа бас имам тағайындалды.

Жұма намазының алдында​ Алматы облысының бас имамы​ Мадияр Тағайбайұлының тапсырмасымен Ұйғыр ауданына арнайы келген облыстық «Қапшағай» мешітінің наиб имамы Ринат Маратұлы құлшылық үйінің ұжымы және жамағатына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып, жаңадан тағайындалған аудан имамы Садыхбаев Ануархан Ғазизұлын таныстырып,​ қызметіне сәттілік тіледі.​ Сондай-ақ, наиб имам бұған дейін​ Ұйғыр ауданының бас имамы болып қызмет атқарған​ Бахтияр Абуұлына​ алғыс айтты.

Сапар барысында Ринат Маратұлы Ұйғыр ауданының әкімі​ Елеусізова Бота Серікқызымен кездесіп, жергілікті имамдардың қызметі, діни ахуал​ және өзге де өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Бұдан бөлек, облыс наиб имамы аудан басшысына аудандық орталық мешітінің жаңа бас имамы Ануархан Ғазизұлын таныстырды.